» » Тіс қақсағанда не істеу керек?

Тіс қақсағанда не істеу керек?

Тіс қақсағанда не істеу керек?
Тіс түбірі зақымданған кезде, ол міндетті түрде ауырады. Тіпті кейде адам төзгісіз дәрежеге дейін жетуі мүмкін. Жүйке тамырларының зақымдануының бірнеше басқа да себептері бар:
тістің бұзылуы;
тістен айырылу;
тістің сынуы;
тісжегі;
қызылиектің қабынуы;
ұйықтап жатқандағы обструкциялы синдром;
самай-төменгі жақсүйек буындарының қабынуы (СТБҚ);
дұрыс бекітілмеген пломбалар немесе дұрыс бекітілмеген сауыттар.
Тіс қатты ауырғанда адамның ойын бөлініп, өз-өзін қоярға жер таппай кететінін бәрі білер. Науқас ұйықтай да, тамақтана да, тіпті сөйлей де алмай қалады.
Егер сіздің тісіңіз үнемі ауыра берсе, ең дұрысы – стоматолог дәрігерге көріну. Бірақ кейде дәл қазір стоматологқа баруға жағдай келмей жатады. Мысалы, тісіңіз демалыс күні немесе түнде ауыруы мүмкін. Сондай кезде не істеуге болады? Біз сіздерге осындай сәттерде үй жағдайында қолдануға болатын тістің ауырғанын басатын қоспаны пайдалануға кеңес береміз.
Құрамы:
½ шай қасық қалампыр ұнтағы;
½ шай қасық кокос майы;
Бұл дәрінің пайдасы қандай?
Қалапмыр ұнтағының құрамында ауыруды басатын эвгенол химиялық қосылысы бар. Ал кокос майының микробқа қарсы әсері көп.
Дайындау және қолдану тәсілі:
Екі затты да әйнек ыдыста араластыру керек.
Қоспаны тіс щеткасының көмегімен ауырған тіске салу керек.
Бұл емшараны күніне 3 рет жасаған дұрыс.
12 шілде 2018 ж. 2 621 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 986
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031