» » Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы көмек

Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы көмек

Сіңір созылуы – буын сіңірінің жарақаттанып зақымдануы. Көбіне жіліншік тобығының сіңірі жиі созылады. Сіңір созылуының белгісі – зақымданған жер қатты ауырады (көбіне ертесі ауырады), ісіп кетеді. Сондай-ақ сіңір созылған жерге қан ұйиды. Сіңір созылған жерге салмақ түсіруге болмайды. Тобықтың немесе тізенің сіңірі созылса, сырқаттың сіңірі созылған аяғын жоғары көтеріп жатқызу керек. Сіңір созылған жерге алғашқыда мұз басады. Оған грелка қоюға, жылы компресс жасауға болмайды. Өйткені жылу қан құйылуын ұлғайтып, ауруды күшейтеді, асқындыруы мүмкін. Қан құйылуын азайтып, ауырғанын басу үшін зақымданған буынды қан айналымы бұзылмайтындай етіп орап тастайды. Сіңір созылғаннан күннен бастап 3 тәулік өткеннен кейін аяққа күніне 1-2 рет жылы ванна және массаж жасауға болады. Ваннадан кейін буынды қайта таңып тастау керек. Сіңір бір созылғаннан кейін оның екінші рет қайталануы мүмкін. Осыны естен шығармау керек. Сіңір созылуын сүйектің жарықшақтанғаны немесе сынғанынан ажырату өте қиын болғандықтан дереу дәрігерге көріну қажет.
Massaget.kz
09 маусым 2018 ж. 6 989 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 194

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930