Құрылтай
» » ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің қатысуымен өткен мәжілістен кейін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен мәжіліс өтті.

Мәжілісте аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын дамыту, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, дала өртінің алдын алу шаралары және мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мәселелері жан-жақты қаралды.

Жол инфрақұрылымына қатысты Төретам–Ақай айналма жолы, Жосалы кенті мен Ақжар ауылдық округіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталмаған бөліктері талқыланып, жауапты бөлімдерге жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау тапсырылды. Сондай-ақ, Жалағаш-Жосалы автожолы бойындағы теміржол арқылы өтетін көпіріне күрделі жөндеу жұмыстары жүруіне байланысты, Қызылтам елді мекені мен көпір аралығындағы уақытша топырақты айналма жолына құм-қиыршық тас төсеу жұмыстарын жедел аяқтау міндеттелді.

Жолаушылар тасымалы мәселесі бойынша Жосалы кентінде «Тұлпар-Байқоңыр» автобекетінің билет кассасын ашу жұмыстарының барысы сараланып, оның нақты мерзімде іске қосылуы тапсырылды. Сонымен бірге, кентішілік автобустардың қозғалыс кестесін тұрғындарға қолайлы ету, әсіресе таңертеңгі және кешкі қарбалас уақыттарда қатынау жиілігін арттыру жөнінде ұсыныс әзірлеу жүктелді.

Мәжілісте жол қауіпсіздігі мәселесіне де ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері автожолдарда қараусыз жүрген үй жануарлардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғалары талданып, кент және ауылдық округ әкімдеріне малды ұйымдасқан түрде бағу жұмыстарын күшейту, ветеринариялық қызметпен бірлесіп төрт түлікті бірдейлендіруді жандандыру тапсырылды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – дала өртінің алдын алу шаралары болды. Өрт қауіпті кезеңде ауылдық округтердегі өрт сөндіру бекеттерінің дайындығы, техникалық жарақтандырылуы және профилактикалық жұмыстардың барысы қаралды. Жауапты мекемелерге өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қатаң бақылауда ұстап, алдын алу іс-шараларын күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, барлық мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік рәміздер бұрыштарын жаңа талаптарға сәйкестендіру, «Гимн» атауын «Әнұран» атауына ауыстыру және көрнекі ақпараттарды белгіленген талаптарға сай рәсімдеу қажеттігі айтылды.

Күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек, мәжілісте аудандағы байланыс желілерінің жай-күйі де қаралды. Аудан әкімі байланыс инфрақұрылымындағы анықталған кемшіліктерге тоқталып, «Қазақтелеком» АҚ жауапты басшысына байланыс бағаналары мен кабельдік желілерді қалыпқа келтіріп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі барлық көтерілген мәселелер бойынша берілген тапсырмалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді жүктеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

21 шілде 2026 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 505
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 995

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031