Құрылтай
» » 109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА АРНАЛҒАН ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ БАСТАДЫ

109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА АРНАЛҒАН ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ БАСТАДЫ


23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауы кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс орталығы диспетчерлік қызметті бастады.
109 қызметі әрбір сайлау және референдум науқандары кезінде дауыс беруші азаматтар үшін ыңғайлы, оперативті әрі қолжетімді коммуникация алаңына айналды.
4 ауысыммен жұмыс істейтін 28 диспетчер Құрылтай кезінде құрылған учаскелер туралы, мекен-жай және комиссиялардың құрамы секілді ақпараттарды түсіндіруге дайын. Сонымен бірге онлайн платформалар көмегімен азаматтардың қай учаскеде тіркелгендігін анықтап бере алады.
Бүгін Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Абай Тағыберген байланыс орталығының операторларына ақпараттық семинар өткізіп, маңызды науқандағы басты ерекшеліктерді түсіндірді.

- Біздің орталық сайлаушылар сауалына уақытылы әрі сапалы жауап беретін сенімді платформа болып саналады. Қазірден бастап тұрғындарымыздан Құрылтай сайлауына қатысты қоңыраулар түсе бастады. Біз әрбір қоңырау үшін жауаптымыз. Себебі саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды,-дейді мекеме директоры Бағлан Терлікбаев.

Айта кетейік, Құрылтай сайлауында дауыс беру 23 тамыз сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асады.
Азаматтар 7 тамыздан бастап дауыс беру күні өз учаскесінде болмайтын болса өтініш қалдыру арқылы есептен шығару куәлігін ала алады.
16 шілде 2026 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 667
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31