» » ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі А.Смағұлов Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен келді

ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі А.Смағұлов Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен келді

Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне қатысты 17-19 қыркүйек аралығында ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Алдымен Асылбек Смағұлов Қызылорда қаласындағы учаскелік референдум комиссияларына арналған 3 күндік оқу-семинар процесін көріп, комиссия мүшелерімен пікірлесті.

Арнайы тренерлер пулы жасақталған оқытуда референдум өткізудің құқықтық, құжаттамалық ұйымдастыру мәселелері, дауыс беруші азаматтар тізімімен жұмыс жүргізу, республикалық және халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдерімен коммуникация орнату тақырыптары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, комиссия мүшелері дауыс беру күні жүзеге асатын рөлдік ойындар ойнап, практикалық кейстерді талдады.

Көшпелі оқытуға қала және аудандағы аумақтық сайлау комиссиясының 56 мүшесі мен учаскелердегі 1692 комиссия мүшесі қамтылады. Қалған комиссия мүшелері каскад әдісімен оқытылады.

Іссапар барысында ОРК мүшесі Орда скул мектебінде орналасқан №380 УРК және Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіндегі №222 УРК жұмысымен танысып, ғимараттардың жабдықталуын тексерді.

Әрі қарай А.Смағұлов жедел әрекет ету орталығына барып, референдум уақытында іске қосылған онлайн сервистер мен 109 бірыңғай байланыс желісінің қызметін көрді.

Мекеме директоры Темірхан Мұқанғали Қызылорда облысының әкімдігі облыс тұрғындары үшін referendum.orda.gov.kz сайты ашылғанын жеткізді. Яғни тұрғындар аталған сайтқа кіру арқылы учаскелік референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты алады. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын да көреді.

Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және телеграм желісінде де бар.

“109 бірыңғай байланыс қызметі республикалық референдум жарияланған уақыттан бері 24/7 жұмыс жасауда. Бізге күн сайын әртүрлі деңгейдегі сауалдар түседі.  4 ауысыммен жұмыс атқаратын 28 диспетчер сауалдарды қабылдап, оперативті түрде алгоритмге сай сұрақтарға жауап берді. Соңғы 5 күнде 60 қоңырау түсті. Азаматтар көбінесе өз учаскелерін табу, уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты өзекті сауалдарын қойды”,-дейді Т.Мұқанғали.

Әрі қарай А.Смағұлов Жастар ресурстық орталығында орналасқан 372 УРК-ге және аумақтық референдум комиссиясының ғимаратына барып, комиссия мүшелерімен кездесті.

Жұмыс сапарының екінші күнінде ОРК мүшесі Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарында бірқатар учаскелерді аралап, референдумға дайындық барысын саралады.

А.Айжарықұлы референдум процесі ашық әрі әрбір азаматқа қолжетімді болу керектігін, мүгедектігі бар дауыс берушілердің құқығын сақтау маңызды міндет екенін қаперге салды.

Жұмыс сапарының соңында Асылбек Смағұлов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесіп, маңызды саяси науқанға дайындық және оны өткізудің бірқатар мәселелері бағытында пікірлесті.

Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы
20 қыркүйек 2024 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 258

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930