» » ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАУЫС БЕРЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН АРНАЙЫ ПЛАТФОРМАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАУЫС БЕРЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН АРНАЙЫ ПЛАТФОРМАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15 наурыз күні елімізде Республикалық референдум өткізіледі. Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы платформаларды іске қосты.

Облыс тұрғындары үшін referendum.orda.gov.kz сайты қолжетімді. Азаматтар сайтқа кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады.

Тұрғындар аталған сайтқа кіру арқылы учаскелік референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты алады. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын да көре алады. Бұл азаматтар үшін өте қолжетімді әрі оңай сервис болмақ.

Бұл қызметтер “Smart Qyzylorda” мобильді қосымшасында және телеграм желісінде https://t.me/referendumKzo_bot арнайы бот жұмыс істейді. Мұнда да әрбір дауыс беруші азамат ЖСН теру арқылы қажетті ақпаратты көре алады.

Мұнан бөлек, референдум кезінде жергілікті тұрғындар үшін 109 бірыңғай байланыс қызметі жұмыс жасауға дайын. Диспетчерлер тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, учаскелердің мекен-жайы туралы ақпарат беретін болады.

Сондай-ақ, дауыс беру күні Қызылорда қаласында 5 учаскеде онлайн сервис ашылып, тізімде жоқ азаматтарды тіркеу қызметімен айналысады.
26 ақпан 2026 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930