Құрылтай
» » ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Ауданда жаңа әлеуметтік нысандар жыл санап ел игілігіне берілуде. Соның бірі – шалғайда орналасқан Қуаңдария ауылдық фельдшерлікакушерлік пункті. Бүгінде медициналық қызмет көрсету мекемесіне тәжірибелі маман Абай Дүйсебаев меңгерушілік етеді.
Абай Ешмағамбетұлын білікті де тәжірибелі маман деп бекерге айтқанымыз жоқ. 1994 жылы фельдшерлік мамандықпен диплом алған жас туған жерінде еңбек жолын бастаса, қазірге дейін жерлестерінің еміне шипа, дертіне дауа болып, денсаулығының жақсаруына септесіп келеді. Медицина саласында отыз жылдан аса еңбек тәжірибесі бар азамат ауылдың белсендісі, ұжымның ұйытқысы.
– Ауылымыздың тұрғындары тату-тәтті өмір сүруде. Үлкенді сыйлайды, кішіге қамқор. Шағын елді мекен болсақ та, ауызбірлігіміз өте жақсы. Жылдан-жылға көркейіп, көріктеніп келеміз. Жаңа нысандар бой көтеруде. Соның ішінде аса маңызды саналатын фельдшерлік-акушерлік пункт өткен жылы облыс әкімінің қолдауымен қолданысқа берілді. Бұл қуаңдариялықтардың көптен күткен қуанышы болатын. Адам болған соң бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды. Бұған дейін бірнеше ғимарат ауыстырдық. Жаңа ғимарат заманауи үлгіде салынған. Қанша айтқанмен, жаңаның аты – жаңа. Барлық жағдайы жасалған. Бүгінде 4 мейірбике, 1 кіші медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетуде, – дейді ФАП меңгерушісі.
Мұнда негізінен ауруды болдырмау және алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлі екпелер салынады. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету де пункттің қызметі. Егер денсаулығына шағым айтушылар шығып жатса, көрші Т.Көмекбаев ауылына немесе аудан орталығына жолданады. Ол жақта жатып емделуге мүмкіндік болмаған жағдайда дәрідәрмегін, қажетті ем-шарасын фельдшерлік пункттен алады. Ал амбулаториялық ем өздерінде жүргізіледі. Кейде қаладан еміне тағайындау алып келетін науқастар да болады екен. Мұндайда емін ауылда жалғастырып, дертіне шипа табады.
Фельдшердің айтуынша, күніге 5-6 адам пункттен ем алады.
– Бізде науқастардың жағдайын жақсартуға арналған бірнеше кабинет жұмыс істейді. Атап айтсақ, сәулемен емдеу, массаж, ем-шара, акушерлік, залалсыздандыру кабинеттері бар. Мүмкіндігі шектеулілерге де жағдай жасалған. Екпе зонамыз бөлек, адам қабылдауға арналған 2 бөлмеміз заман талабына сай жабдықталған.
Жаңа ғимарат болғасын қанша дегенмен, адамның еңсесін көтереді. Қызметкерлердің жұмыс істеуге деген көңіл күйлеріне де оң әсер етеді. Қызметімізге жүгінген жандарға да жайлылық сыйлайды. Жалпы пункт материалдық жағынан жақсы қамтамасыз етілген деп айта аламын. Қыс мезгілінде ғимарат тоқпен жылытылады.
Мақсатымыз – әрі қарайда жұмысымызды талапқа сай жалғастырып, халыққа сапалы қызмет көрсету. Берілетін тегін дәрі-дәрмектеріміз бар, – дейді Абай Дүйсебаев бізбен әңгімесінде.
Ауылға атбасын бұрғанымызда ФАП қызметіне алғыс айтушылар да табыла кетті.
– Қолымды ойламаған жерден жарақаттап алдым. Бірден осында келіп, қызметіне жүгіндім. Таңып берді. Күнделікті ем-шараға келіп жүрдім. Қазір жақсымын. Жігіттерге риясыз алғыс білдіремін. Қолдан келгендерін аянып қалмайды, – дейді ауыл тұрғыны Мұрат Әлібаев ризалық сезіммен.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ
14 шілде 2026 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 463
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 962

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031