Құрылтай
» » БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛД

БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛД

Аудан әкімінің тапсырмасы аясында Төретам кентіндегі Д.Байтөреев көшесінде балаларға арналған жаңа ойын алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, кент әкімі, ардагерлер және елді мекеннің тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы жиналған қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, балалардың сапалы демалысы мен қауіпсіз ойын ортасын қалыптастыру – аудан басшылығының басты назарындағы мәселелердің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар жаңа ойын алаңы бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді өткізуіне, дене шынықтырумен айналысуына және заманауи, қауіпсіз ортада ойнап-өсуіне жақсы мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында ел ағалары ақ батасын беріп, жаңа ойын алаңының лентасы салтанатты түрде қиылды. Осылайша, жаңа нысан ресми түрде тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.
Аталған жоба аудан әкімінің қолдауымен Төретам кенті тұрғындарының ұсынысы мен сұранысы негізінде жүзеге асырылды. Жаңа нысан балалардың сүйікті демалыс орнына айналып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына және бос уақытын тиімді ұйымдастыруына оң ықпал етері анық.
Мұндай әлеуметтік маңызы бар жобалардың жүзеге асырылуы елді мекеннің инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және өскелең ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың жүйелі жалғасы болып табылады.
Бауыржан ҒАЛЫМҰЛЫ
12 шілде 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 953

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031