Құрылтай
» » ЖАСАЙ БЕР, ЖАЙНА, АСТАНА!

ЖАСАЙ БЕР, ЖАЙНА, АСТАНА!

Астана – еліміздің жүрегі, тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі. Астана – ағайынға арман болған, қолы жетпестей құнды, көркімен көз тартатын керемет қала. Мен Астанаға көшіп келгелі жылға жуық уақыт зымырап өте шығыпты. Жүйрік уақыт осынау аз ғана сәтте ару қаламыздың қыр-сырын алдыма жайып салды. Тамылжыған табиғаты таңғажайып тылсым күш берердей...
Аспанға қол созған зәулім үйлер, көздің жауын алар әдемі ғимараттар, көшенің сәніне айналған көліктер, бәрі-бәрі өзара үйлесім тапқандай. Мен әр қаланың өз иесі мен киесі болады дегенді оқыған едім. Бірақ, ауылда жүргенде аса мән бермедім. Үлкен қалаға келіп, таза ниетпен «осы қаланың бір бөлшегі болайыншы» деген едім. Алға басқан қадамым адастырмады. Мен үнемі әлемді зерттеп жүремін. Сол үшін бе, білмеймін, әйтеуір өмірлік тәжірибем бір басыма жетерлік...
Астана – қазақ халқының өзі секілді. Мінезі – ауасы секілді жанға жайлы, қонақжай, ешкімді несібесіз қалдырған емес, құшағын жая береді. Әр таңда күн шыққанда мейірлене қарап, әр баласына нұрын төгіп, басынан сипап, үйінен шығарып салып тұрған Анаға ұқсатамын. Кейде, көңілі түсіп, не болса, соған өкпелеп, жаңбырын төгіп жылаған балаға ұқсатамын. Ал аязды қысын әкенің қатулы қабағы дер едім. Әке қанша қатал болғанымен, жүрегі баласы үшін әрқашан жұмсақ емес пе?
Шәкәрім атамыздың шығармасынан соңғы уақытта ой түйдім. Ол өз туындысында:
«Көшпеген нәрсе өспейді,
Өспеген нәрсе өзгермес.
Түрден ол түрге түспейді,
Қозғалыс түрлеп жаратқан,
Көшпеген нәрсе өспейді...» деген екен. Су ақпаса, ластанады. Адам ізденбесе, тоқырап қалады. Менің де ару қала Астанаға көшіп келуім де, осы ішкі ой, адастырмас арманның жолы шығар. Бәлкім, көшіп келмесем, Елордамыздың осынша ерекшелігін білмес те едім.
Құрметтім, ішіңде Астанаға көшкім келеді деген ой болса, қорықпа! Астана – болашақтың қаласы, Астана – мүмкіндіктер қаласы. Тек, арманың – айқын, қадамың – нық, ниетің – түзу болса болғаны.
Астананың құшағы әр қазаққа айқара ашық!
Жасай бер, жайна, Астана!
Гүлнұр БЕКТҰРАРҚЫЗЫ
06 шілде 2026 ж. 4 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 445
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031