» » АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК! ҰБТ-ҒА СӘТТІЛІК!

АҚ ЖОЛ, ЖАС ТҮЛЕК! ҰБТ-ҒА СӘТТІЛІК!


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің тапсырмасына сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын бітіруші түлектерді қолдау мақсатында шығарып салу жиыны ұйымдастырылды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрайымы Күлжауһар Раева және аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков қатысып, жас түлектерге ақжарма тілектерін арнады.

Кездесу барысында бітіруші түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже көрсетіп, өздерінің қалаған жоғары оқу орындарына грант негізінде оқуға түсулеріне, таңдаған мамандықтарының білікті иесі атанып, ел игілігі жолында адал қызмет етулеріне тілектестік білдірілді. Сондай-ақ олардың алдағы өмір жолында биік белестерді бағындырып, білім мен еңбекті серік еткен, ел тізгінін ұстар саналы да парасатты азамат болып қалыптасып, Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосатын жалынды жастар екендігі ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар түлектерге өз күштеріне сеніп, еш қобалжымай білімдерін лайықты деңгейде көрсетіп, ата-аналары мен ұстаздарының үмітін ақтап, ел сенімінен шығатын азамат болуларына сенім артып ізгі ниет пен ақ тілектерін айтты.

Жиын барысында ата-аналар атынан да жылы лебіздер білдіріліп, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлық пен қолдау үшін аудан басшылығына және білім саласының қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді. Ата-аналар жас түлектерге сәттілік тілеп, армандарының орындалып, биік белестерді бағындыруына тілектес екендігін білдірді.

Жас түлектерге ақ жол! ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, армандаған оқу орындарының студенті атануларына тілектеспіз!

02 шілде 2026 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30