Конституция
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛУІНЕ АРНАЛҒАН АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛУІНЕ АРНАЛҒАН АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жаңа Конституцияның қолданысқа енгізілуіне орай аудан активінің отырысы өтті.

Жиында Ата Заңның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды.

Аудан басшысы:
«Конституция – мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін және мемлекеттік биліктің қызметін реттейтін басты құжат. Сондықтан оның жаңа редакцияда қолданысқа енгізілуі Қазақстанның саяси және құқықтық жаңғыруының жаңа кезеңін білдіреді. Алдағы уақытта ауданымызда Конституцияда белгіленген қағидаттарды басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауылдық елді мекендердің әлеуетін күшейту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жаңа саяси жағдайда мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап та күшейе түседі. Әрбір қызметкер кәсібилікпен қатар адалдықты, жауапкершілікті, әділдікті және мемлекет мүддесіне қызмет етуді өзінің басты ұстанымы ретінде қабылдауы тиіс. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және ауданның тұрақты дамуына қол жеткізу»,- деп атап өтті.

Күн тәртібіне сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов «Жаңа Конституция және жергілікті өкілді биліктің рөлі» тақырыбында баяндама жасап, жергілікті өкілді органдардың халық пен билік арасындағы байланысты нығайтудағы жауапкершілігіне тоқталды.

Сондай-ақ аудан прокуроры Нұрбек Қаратаев «Жаңа Конституция – заң үстемдігі мен құқықтық тәртіптің берік кепілі» тақырыбында сөз сөйлесе, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева «Жаңа Конституция – тең құқық пен әділетті қоғамның кепілі» тақырыбындағы баяндамасында азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттары қоғамның тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті.

Жиын барысында аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов пен «Ұлт бірлігі Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шегебай Құндақбаев пікір білдіріп, реформалардың елдің дамуы мен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызына тоқталды.

-Баршамыз Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық басымдықтарды басшылыққа ала отырып, жаңа Конституцияның талаптарын сапалы жүзеге асыруға, ауданымыздың дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына және еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз деп сенемін! Жаңа Конституциямыз тұғырлы, Тәуелсіз Қазақстанымыздың жаңа даму кезеңі құтты болсын,- деп аудан басшысы жиынды қорытындылады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

02 шілде 2026 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 394
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 913

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031