Топ-баннер
» » КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


«Руханият» орталығында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен Конституциялық реформалар жөніндегі өңірлік актив отырысы өтті.

Жиында 2026 жылы 15 наурызға белгіленген республикалық референдум аясында ұсынылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды.

«Өздеріңізге белгілі, 11 ақпанда Мемлекет басшысы «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы» Жарлыққа қол қойды. Келесі күні Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланды. Жаңа Конституция жобасының өзегіне ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар қойылды. Бұл мемлекеттің болашағы минералдық ресурстармен емес, адам капиталы мен азаматтардың зияткерлік әлеуетімен айқындалатынын білдіретін түбегейлі бетбұрыс,- деді Диас Асылбекұлы.

Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы мен аудан прокуроры Нұрбек Келсімұлы жаңа Ата Заң жобасының құқықтық маңыздылығына тоқталып, заң үстемдігі мен жауапкершілік қағидаттарының күшейтілетінін атап өтті.

Сондай-ақ қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжауһар Төлегенқызы Конституцияда мемлекеттік тілдің мәртебесін атап өтсе, білім саласының ардагері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Дәмегүл Қожахметқызы заңда білімнің және балалардың жан-жақты дамуына мән берілгенін жеткізді.

Шара соңында қатысушылар Конституциялық реформаның ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

24 ақпан 2026 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 487
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 316

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728