» » ТҰРМЫСТАН ТАРИХҚА АЙНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ТҰРМЫСТАН ТАРИХҚА АЙНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Музейде ұйымдастырылған «Тұрмыстан тарихқа айналған технологиялар» атты көрмені аудан жастары тамашалады. Көрме барысында келушілерге экскурсия жүргізіліп, музей қорындағы өткен ғасырда тұрмыста кеңінен қолданылған түрлі техникалық құралдар мен бұйымдардың тарихы таныстырылды.

Жастар көне технологиялардың қызметі мен қолданылу ерекшеліктері туралы тың мәліметтер алып, көптеген экспонаттарды өмірінде алғаш рет көргендерін жеткізді. Экспонаттарды қолмен ұстап, сезініп көруге мүмкіндік алған қатысушылар тарихи жәдігерлерге ерекше қызығушылық танытып, таңданыстарын жасырмады.

Көрме соңында келушілер естелікке суретке түсіп, музей қорындағы құнды жәдігерлермен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Мұндай танымдық шаралар жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, өткен мен бүгіннің арасындағы байланысты тереңірек түсінуге ықпал етеді.

28 маусым 2026 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30