» » САН МЕН САПАНЫҢ САҚШЫСЫ

САН МЕН САПАНЫҢ САҚШЫСЫ

Мемлекеттік қызмет – кәсібилік пен жауапкершілікті, адалдық пен ұқыптылықты талап ететін маңызды сала. Бұл жолда әрбір маманның еңбегі елдің әлеуметтікэкономикалық дамуына өз үлесін қосады. Осындай білікті де тәжірибелі мемлекеттік қызметкерлердің бірі – аудандық статистика бөлімінің бас маманы Эльвира Байкетеева.
Ол 1984 жылы Иіркөл ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «экономика» факультетінде жоғары білім алды. Алғашқы еңбек жолын Дауылкөл ауылдық округінде жетекші маман ретінде бастап, одан кейін аудандық статистика бөлімінде бас маман болып жұмысын жалғастырады.
Статистика саласы – ел дамуының нақты көрсеткіштерін қалыптастырып, мемлекеттік шешімдердің негізін айқындайтын маңызды бағыт. Бұл салада жоғары жауапкершілікпен еңбек ету, деректердің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету – әрбір маманның басты міндеті. Ол осы талаптарды абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі мамандардың қатарында.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын маман күнделікті жұмысында инвестиция, өндіріс, еңбек, ауыл шаруашылығы, туризм, жеке кәсіпкер, шаруа қожалықтар есептіліктеріне қатысты статистикалық мәліметтердің сапалы жиналуын, өңделуін және уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етуге ерекше мән береді. Ұжым арасында іскерлігімен, ұқыптылығымен және кәсіби біліктілігімен құрметке ие. Әріптестерімен ынтымақтастықта жұмыс істеп, жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөлісуді жөн көреді.
Қызметтегі табысының басты тіректерінің бірі – оның отбасы. Ол қызметте тәжірибелі маман болса, шаңырағында аяулы жар, ардақты ана. Жолдасы Олжаспен бірге 4 бала тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Ол жұмыстағы жауапкершілік пен отбасы алдындағы міндетті үйлестіре отырып, өмірдің екі маңызды саласында да жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді.
Статистика саласында 22 жылға жуық еңбек еткен Эльвира Жүздібекқызы осы уақыт аралығында өз ісіне деген адалдығы мен жоғары кәсібилігінің арқасында түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Ол қызметтік міндеттерін сапалы әрі жауапкершілікпен орындағаны, статистикалық деректердің нақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бірнеше рет мекеме басшылығының, облыс пен аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Ел дамуының маңызды көрсеткіштерін қалыптастыруға үлес қосып жүрген маман бүгінде өз ісінің шебері ретінде танылған. Саналы ғұмырын статистика саласына арнаған маманның қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі бүгінгі жетістіктерінің берік негізіне айналды. Еңбекті өмірлік ұстанымына айналдырған маманның алдағы уақытта да жемісті жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
24 маусым 2026 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 357
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 880

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930