» » Сандарды сөйлеткен статист

Сандарды сөйлеткен статист

Тілшілік тіршілікте жүргеннен кейін жақсы дүниелерді қамтып, қуанышты сәттер мен даталы күндерді басылым беттеріне жариялағанды жөн көреміз ғой. Кейде жеке адамдардың өмірден алған өнегесі мен қызметтегі жолын өзгелерге үлгі етіп таныстырып жатамыз. Иә, сіз түйсінгендей бұл жолы да статистика саласында сан жылдан бері қызмет етіп жүрген Асқар Әбілдаев жайында қалам тербеуді мақсат еттік.
Сандарды сөйлеткен маманның осы салада еңбек етіп жүргеніне 22 жылдан асқан. Әуелгіде Төретам кентінде жетекші маман болып бастаған ол қызметте қырағылық танытып, кейін Байқоңыр қаласында ашылған статистика бөліміне ауысады. Ол жақтың есеп-қисабын жүргізіп, ұлттық халық санағына атсалысқан. Жалпы статистердің жұмысы нақтылықты, талдаудың дұрыстығын талап етеді. Бұл турасында білікті маман өз ісін былай деп таныстырды.
– Статистика саласына келген маман ең алдымен жауапкершілікті сезінеді. Әрбір атқаратын жұмысымыз есеп пен нақты көрсеткіштен құралады. Біздің негізгі бағыттарымыз – ауылшаруашылығы, өндіріс, туризм, қаржы, сауда, құрылыс, инвестиция және халық санағы. Осылардың негізінде зерттеу жұмысын жүргізіп, талдап, нақты ақпаратты тиісті салаға ұсынып отырамыз. Кей кісілер қызметімізді толық білмеген соң тек санақ жүргізеді деп ойлайды. Алайда олай емес. Біз барлық іске атсалысып нақты деректерді санмен жеткізіп отырамыз, – дейді Асқар Амангелдіұлы.
Өмірде есеп-қисап саласының маманы болуды қалаған кейіпкеріміз Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде ол аудандағы статистика бөлімінде бас маман болып қызмет атқаруда. Өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз орындап, саланың дамуына зор үлесін қосып жүр.
– Бұған дейін Байқоңыр қаласында үш маман қызмет істедік. Ұлттық халық санағын осы аймақта атқардық. Былтыр қысқартуға байланысты мекеме жабылып, ауданға ауысып келдім. Мұндағы әріптестерімді бұрыннан танимын. Әрқайсы өз ісінің шебері. Ауданға қарасты мекеме, шаруашылықтың барлығы ай сайын, тоқсан сайын бізге есеп өткізеді. Респонденттерден келіп түскен қандай да бір мәлімет бірнеше бақылау сатысынан өтеді. Әрбір сан нақты болуы шарт. Сондықтан бұл қызметке асқан ыждағаттылық пен темірдей төзім қажет, – дейді білікті маман.
Ерсін ӘЛІБАЙ
10 қараша 2024 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031