Құрылтай
» » АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық жүйесін дамыту ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанын, өйткені медицинаның деңгейі мен қолжетімділігі – еліміздегі өмір сапасының негізгі көрсеткіші екенін үнемі айтып келеді. "Бірінші байлық – денсаулық" десек, ісіне адал, жауапкершілігі мол медицина қызметкерлерінің еңбегі қашанда ерекше. Бүгінде сала мамандары адал еңбегімен азаматтардың денсаулығын сақтаумен қатар, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда да қоғамның белсенді мүшесіне айналған.
Жақында медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай «Руханият орталығында» мерекелік іс-шара өтіп, саланың білікті мамандары марапат төрінен көрінді. Онда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Гүлжауһар Раева сөз сөйлеп, ана тіліміздің мәртебесін көтеруге жанашыр болып жүрген медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Басқосуда бір топ сала белсендісі облыстық, аудандық филиалдың Алғыс хатымен марапатталды.
Салиқалы жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының алқа мүшесі Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шегебай Құндақбайлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Ақниет Бердіғалиевтер абзал жандарды төл мерекемен құттықтап, лебіздерін жеткізді. Елімізде халық денсаулығын жақсартуда жасалып жатқан игі істерге шынайы ризалықтарын айтты.
Сонымен бірге тілектер легін жалғаған Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің дәрігер-бактериологы Жадыра Әлиханова, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Нұрлан Бейбітов, Дүр Оңғар ауылдық дәрігерлікамбулаториясының мейіргері Бекзат Қозжановалар көрсетілген құрмет үшін алғаусыз алғыстарын жеткізді.
Гүлнар БИСЕНҚҰЛОВА,
"Қазақ тілі" қоғамы аудандық филиалының қызметкері
22 маусым 2026 ж. 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31