» » Қазақстанға 50 градустық аптап ыстық келе жатыр

Қазақстанға 50 градустық аптап ыстық келе жатыр

«Қазгидромет» мамандары шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша, биылғы шілде еліміздің көптеген өңірінде өте ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айдың орташа температурасы солтүстік және шығыс аймақтарда +18...+23 °C, ал оңтүстікте +28...+30 °C шамасында күтіледі. Алайда кей күндері ауа температурасы әлдеқайда жоғарылап, солтүстік пен шығыста +42...+43 °C-қа дейін, орталық, батыс және оңтүстік-шығыста +47...+48 °C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық +50 °C-қа жетеді деп болжануда.
Сонымен қатар, солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы +5 °C-қа дейін төмендеуі ықтимал.
Синоптиктер шілде айы солтүстік Қазақстан үшін ең жауын-шашынды кезеңдердің бірі екенін атап өтті. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тіпті бір тәулікте айлық жауын-шашын мөлшеріне тең жаңбыр түсуі мүмкін. Найзағай көбіне солтүстік, шығыс және таулы аймақтарда күтіледі. Ал оңтүстік-шығыстағы таулы жерлерде бұршақ жауу қаупі бар.
Мамандардың пікірінше, алдағы бес жыл адамзат тарихындағы ең ыстық кезеңдердің бірі болуы мүмкін. Ғалымдар болашақта миллиардтаған қала тұрғындары экстремалды ыстықтың әсерін сезінуі ықтимал екенін ескертуде.
20 маусым 2026 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30