» » НИЕТТЕНГЕНГЕ КӘСІП КӨП

НИЕТТЕНГЕНГЕ КӘСІП КӨП

Қармақшы ауданы десе, ең алдымен ойға қобыздың атасы Қорқыт келеді. Сыр өңірінің ғана емес, күллі түркі дүниесінің ортақ тұлғасына айналған ұзан Қорқыттың мұрасы – ауданның басты бренді. Қасиетті топырақты мәңгілік мекеніне айналдырған бабаның мемориалды кешеніне келетін туристер мен қонақтардың қарасы қалың. Осы тарихи-мәдени байлықтың кәсіпкерлікті дамытудағы әлеуеті де жоғары.
Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдері мәдени мұраларды табыс көзіне айналдырып келеді. Мәселен, белгілі бір өңірлер өздерінің тарихи ескерткіштері мен ұлттық ерекшеліктерін бренд ретінде қалыптастырып, туристерге арналған кәдесый өндірісін жолға қойған. Бұл тәжірибе Қармақшы үшін де аса маңызды.
Қорқыт ата мемориалдық кешеніне еліміздің әр өңірінен және шетелден көптеген туристер келгенімен, олардың басым бөлігі ауданнан естелік ретінде алып кететін өз өңірімізде жасалған сапалы әрі ерекше сувенир таба бермейді. Бұл – кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік.
Кешенге келген меймандар естелік ретінде сатып алуы үшін қобыз бейнесіндегі ағаш мүсіндерді, Қорқыт ата ескерткішінің мүсіншесін, магниттер мен кітап белгілерін, ұлттық нақыштағы киімдер мен сөмкелерді, қойындәптерлер мен кілтсалғыштарды және басқа да өнімдерді шығаруға болады. Жастар арасында ұлттық стильдегі өнімдерге сұраныс жоғары болғандықтан, сонымен қатар, ұлттық мұраларға туристер қызығатындықтан, сауда күсет болып, сатылымның жақсы жүретіні күмәнсіз.
Мұндай кәсіптің тағы бір артықшылығы – миллиондаған бастапқы қаржыны қажет етпеуі. Сондай-ақ нәсібі мол кәсіп іздеген, екі қолға бір күрек табуды мақсат тұтқан азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін гранттар мен жеңілдетілген несиелер де жетерлік.
Қазіргі таңда түрлі полиграфиялық және лазерлік технологиялардың көмегімен шағын өндіріс орнын ашуға мүмкіндік бар. Ең бастысы сапалы дизайн мен ерекше идеяңыз болса болғаны.
Сувенир өндірісі тек кәсіпкердің табысын арттырып қана қоймайды. Ол ауданның туристік әлеуетін көтеруге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға да ықпал етеді. Әсіресе жастарды кәсіпкерлікке баулуда мұндай жобалардың маңызы зор.
Қорқыт мұрасы – өткеннің ғана емес, болашақтың да қазынасы. Егер осы мұраны кәсіпкерлікпен ұштастыра білсек, Қармақшының жаңа экономикалық бренді қалыптасуы әбден мүмкін.
Кәсіпкерлік – тек сауда жасау емес, өңірдің ерекшелігін табысқа айналдыра білу. Ал ауданымыздың басты мәдени мұрасы – Қорқыт атаның атына берілген көркем кешен. Сондықтан Қорқыт брендіндегі сувенир өндірісі аудан кәсіпкерлері үшін тың мүмкіндік әрі болашағы зор бастама болмақ.
Ердәулет ОРЫНБАСАР
15 маусым 2026 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 297
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 830

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930