» » ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ БЛОГЕРЛЕР ҚОРҚЫТ АТА КЕШЕНІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ

ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ БЛОГЕРЛЕР ҚОРҚЫТ АТА КЕШЕНІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ


Қызылорда облысына арнайы келген әлемге танымал блогерлер Дастан Мұхамедрахым мен Джо Хаттаб (HATAB JEHAD JAMAL TAWFIQ) Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барып, тарихи-мәдени нысанмен танысты.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тарихи және мәдени орындар туралы деректі фильмдер түсіріп жүрген блогерлер Қорқыт ата кешенінің сәулеттік келбеті мен рухани маңызына ерекше қызығушылық танытты.

Кездесу барысында Қорқыт ата ескерткішіне тағзым етіліп, бабаның рухына құран бағышталды. Сондай-ақ халқымыздың рухани мұрасы мен тарихи жәдігерлерін жинақтаған музеймен танысты.

Айта кетейік алдағы уақытта танымал контент авторлары Байқоңыр ғарыш айлағында болып, аймақтың туристік әлеуетін халықаралық аудиторияға таныту мақсатында деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

09 маусым 2026 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 069
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 281

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031