ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Ауданда табиғи және орманды дала өрттерінің алдын алу, сондайақ өрттерді сөндіру кезінде жұмылдырылатын күштер мен құралдардың дайындығын тексеру мақсатында «ӨРТ – 2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Іс-шараға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, азаматтық қорғау қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және өзге де мүдделі мекемелер қатысты. Оқу-жаттығу барысында табиғи ортада шартты түрде туындаған өрт жағдайы модельденіп, оны жою бойынша кешенді іс-қимылдар пысықталды.
Жаттығу барысында өрт ошақтарын оқшаулау және сөндіру, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, сондайақ арнайы техникалар мен құрал-жабдықтардың әзірлігін тексеру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар төтенше жағдай туындаған кездегі жедел әрекет ету алгоритмдерін тәжірибе жүзінде орындап, өзара іс-қимыл деңгейін жетілдірді.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, отты абайсыз пайдаланудың салдары және табиғи өрттердің алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Мамандар азаматтарды орман қоры мен дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алу, табиғи өрттердің таралу қаупін азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды рөл атқарады. Бұл оқу-жаттығу ауданның азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын арттыруға және қызметтердің үйлесімді жұмысын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
















