Мәслихаттар сайлауы
» » Орман алқабында өрт-тактикалық жаттығу өтті

Орман алқабында өрт-тактикалық жаттығу өтті



Ауданда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға дайындықты арттыру мақсатында кезекті өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Аталған іс-шара Қорқыт ата орманшылығының №55 орамында, Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент тас жолы бойында ұйымдастырылды.
Жаттығу барысында шартты түрде орман алқабында қураған қамыс өртенген жағдай пысықталды. Өрт туралы хабар түскен сәттен бастап №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына жетіп, күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарына сәйкес әрекет етті. Қысқа уақыт ішінде өрт оқшауланып, толықтай сөндірілді.
Іс-шараға төтенше жағдайлар бөлімі, орман шаруашылығы қызметкерлері, медицина, полиция, газ және электр қызметтері, сондай-ақ ерікті өртке қарсы құрылым өкілдері қатысып, өзара іс-қимыл деңгейін көрсетті. Жалпы ондаған маман мен арнайы техника жұмылдырылды.
Жаттығу нәтижесінде өртті сөндіру кезінде туындауы мүмкін қиындықтар, атап айтқанда желдің әсері, түтіннің көруді шектеуі және құрғақ өсімдіктердің тез жанғыштығы ескерілді. Сонымен қатар, түрлі қызметтердің үйлесімді әрекет етуі жетілдірілді. Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтердің кәсіби дайындығын арттыру бағытында маңызды рөл атқарады.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
10 мамыр 2026 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

13 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 338
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 469

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30