» » ТАСҚЫНҒА ҚАРСЫ ҚАРЕКЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ТАСҚЫНҒА ҚАРСЫ ҚАРЕКЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жуырда ауданға қарасты Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің No70 Федералдық өртке қарсы қызметінің арнайы басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп «2025 жылғы көктем кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс- қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында «Көктем – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу өтті.
Оқу-жаттығудың мақсаты – көктем кезеңіндегі су тасқыны мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде басқару органдарының, күштері мен құралдардың іс-әрекетінің дайындығын тексеру. Онда ауданның шұғыл әрекет ету жасағы мен техникаларына саптық қарау өткізілді.
Оқу-жаттығу шеңберінде аудандағы электр дабылдарын іске қосып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласы және Ақай ауылдық округі тұсындағы Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін тасқын су бұзып кеткен жағдайда азаматтық қорғау қызметінің күш-құралдарымен әрекет ету бойынша практикалық түрінде оқу-жаттығу сыналды.
«ҚТ» ақпарат
16 ақпан 2025 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728