» » БАЛА КҮЛКІСІ – БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ БЕЛГІСІ

БАЛА КҮЛКІСІ – БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ БЕЛГІСІ

Әлем – баламен шуақты, баламен сәулелі. Себебі, бала адамзаттың жалғасы, әрбір елдің болашағы. Бүгінгі бақытты ұрпақ – ертеңгі баянды мемлекеттің берік іргетасы. Мына жарық дүниеде баланың шат күлкісінен таза, пәк нәрсе бар ма екен?! Сәбидің шат күлкісі бар да, өмір жарық та жарқын. Ол қуанғанда әлем қуанады.
Жуырда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара аудан әкімінің қолдауымен «Руханият орталығында» «Бала күлкісі – бейбіт өмірдің белгісі» тақырыбында аталып өтілді. Оған ауданымыздың білім ордаларында – білім, спорт, өнер, ғылымда табысқа қол жеткізіп, үздіктер қатарынан көрініп жүрген 100 бала және олардың ата-аналары қатысты.
Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы сөз сөйлеп, балаларды айтулы мерекемен құттықтады.
– Сіздердің әрбіріңізге бақытты балалық шақ, дендеріңізге саулық, білім мен өнер бәйгесінде толағай жетістіктер тілеймін. Әрдайым ата-аналарыңыздың көз қуанышы болып, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Өмірлеріңіз жарқын, жолдарыңыз даңғыл болсын, – деді ол.
Іс-шарада түрлі салада – білім, өнер, спорт, ғылыми жоба қорғау байқау, сайыстарында жүлдегер, жеңімпаз атанған оқушыларға аудан әкімінің Алғыс хаты мен сый-сияпаты салтанатты түрде табыс етілді.
Жиын қорытындысында көпбалалы ана Жүрсінай Хайдарова ата-аналар атынан аудан әкіміне, ұйымдастырушыларға алғысын айтып, игі тілегін жеткізді.
Іс-шара аясында аудан өнерпаздары балаларға арнап әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл күні әрбір баланың жүзі бал-бұл жанып, мерекенің маңызын айшықтай түсті. Иә, халқымыз айтқандай, қуанса, бала қуансын!
Сәрсенкүл АҚКІСІ
06 маусым 2026 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 249
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 793

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930