» » ҚАРМАҚШЫДА МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАН БІР МЕЗЕТТЕ ШЫРҚАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАН БІР МЕЗЕТТЕ ШЫРҚАЛДЫ


Бүгін Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудан көлемінде бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған мерекелік іс-шара орталық алаңда өтіп, оған бөлім мен мекеме қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, сот үкіметтік емес ұйым мүшелері, ардагерлер мен жастар қатысты.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек жиналған қауымды мерекемен құттықтап:
– Біз бәріміз осы ауданның әрбір тұрғыны алдында жауаптымыз. Қандай шешім қабылдасақ та, қандай қадам жасасақ та, оның барлығы жерлестеріміздің әл-ауқатын арттыруға, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс. Еліміздің көк Туы әрдайым биікте желбірей берсін, – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің басты нышаны екенін атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды бірге орындап, еліміздің рәміздеріне деген құрметін білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 маусым 2026 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031