» » БҮЛДІРШІНДЕР МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЛДЫ

БҮЛДІРШІНДЕР МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЛДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Дәметкен Ана» жеке қайырымдылық қорына арнайы барып, орталықта тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және білім саласының ардагері Дәмелі Жалғасбаева, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева қатысып, балаларға деген жылы лебіздерін білдірді.

Аудан әкімі бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтарды табыс етіп, өзінің мерекелік тілегін жеткізді:

«Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қоғам тарапынан әрдайым қолдау көрсетілуі тиіс. Сіздерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін», – деді.
Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков те сөз алып, балалардың жарқын болашағына сенім білдірді.

Айта кетсек 2019 жылдан бастап бұл мекеме 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 маусым 2026 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031