» » ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ӘДІЛЕТТІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ ҒҰМЫР

ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ӘДІЛЕТТІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ ҒҰМЫР

Қазақстан прокуратурасы тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған көрнекті заңгер әрі мемлекет қайраткері Юрий Хитриннің өмір жолы – адалдық пен әділеттіліктің айқын үлгісі. Ол – прокуратура органдарында ұзақ жыл бойы адал еңбек етіп, жоғары лауазымдарды абыроймен атқарған заң саласының маманы. Бүкіл саналы ғұмырын заң үстемдігі мен әділеттілікті орнықтыру жолындағы күреске арнады.
Ол 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Оның балалық және жастық шағы соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс өткен. Алайда ол білімге ұмтылып, мамандығын ерте таңдайды. Жоғары білімін заң саласы бойынша алып, 1970 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған.
Аталған оқу орнын аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарындағы қызметтік жолын бастап, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында еңбек еткен.
Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін Алматы қаласы Калинин аудандық прокуратурасында тағылымдамадан өтіп, өзіне жүктелген міндеттерді жоғары кәсібилікпен әрі адал атқаруының нәтижесінде көп ұзамай тергеуші лауазымына тағайындалады. Осы қызметте ол қылмыстық істер бойынша тергеу әрекеттерін жүргізіп қана қоймай, құқықбұзушылықтарды анықтау мен олардың жолын кесуге бағытталған іс-шараларға белсенді түрде қатысып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосады.
Қызметтік міндеттерін орындау барысында өзінің терең білімділігін, заңдардың сақталуына және олардың дәлме-дәл әрі мүлтіксіз орындалуына деген жоғары талапшылдығын таныта білген Юрий Хитрин әріптестері арасында зор құрмет пен шынайы беделге ие болады, ал оның кәсіби қабілеті мен ұйымдастырушылық қасиеттері қызметтік саты бойынша кезең-кезеңімен жоғарылауына негіз қалады.
1990 жылы ол Қазақ КСР прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалады. Бір мезгілде республика прокуратурасы алқасының мүшесі де болады. Сол жылы ол Қазақ КСР-нің мемлекеттік құқық мәселелері жөніндегі мемлекеттік кеңесшісі болып тағайындалған. Республика прокуратурасы органдарының жүйесін реформалауға және оларды одан әрі дамытуға қатысады. Бірыңғай құқықтық саясатты әзірлеуде, құқық қорғау, әскери және басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруде Юрий Хитриннің рөлі зор.
Ол өзінің білімімен, заңдардың сақталуына, олардың тиісінше және мүлтіксіз орындалуына талапшылдықпен қарап, әріптестерінің шынайы құрметі мен мойындауына ие болады.
Осы қасиеттердің барлығы оған Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасарының – елдің әскери прокурорының келесі жаңа жауапты лауазымында қажет болды. Мемлекеттік ауқымдағы кең пайымы мен ойпікіріне ие болған Юрий Александрович 1992 жылдың шілдесінде лауазымға тағайындалғаннан бері өзін тамаша ұйымдастырушы, өз ісінің кәсіби маманы ретінде көрсетті. Өзінің мол тәжірибесі мен жоғары жауапкершілігінің арқасында Юрий Хитрин кейіннен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары әрі елдің Әскери прокуроры секілді аса жауапты лауазымға тағайындалып, 1992 жылдың шілде айынан бастап аталған қызметте өзін білікті ұйымдастырушы, кәсіби деңгейі жоғары және мемлекет мүддесіне адал қызмет ететін маман ретінде көрсете білді.
Дәл оның басшылығы кезеңінде Қазақстан Республикасының әскери прокуратура органдары іс жүзінде қайта қалыптастырылып, олардың толыққанды қызметін қамтамасыз ету бағытында ауқымды ұйымдастырушылық және тәжірибелік жұмыстар жүргізілді, осы мақсатта ол республика аумағын түгелге жуық аралап шығып, әрбір әскери прокуратураның қызметімен жеке танысып, туындаған мәселелердің мән-жайына терең үңіле отырып, оларды шешудің тиімді жолдарын айқындауға ерекше назар аударды.
Көрсеткен кәсібилігі мен мемлекет алдындағы еңбегі үшін, соның ішінде Бас әскери прокурор қызметіндегі еңбегі үшін 1997 жылғы қарашада ел Президенті оған Бас прокурор лауазымын сеніп тапсырды. Елдің жоғары қадағалау органын басқара отырып, бұл міндеттерді абыроймен атқарды. Мемлекеттің Бас Прокуроры бола отырып, ол бір мезгілде ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі болды.
2000 жылы желтоқсанда ел Президенті Юрий Хитринді жоғары мемлекеттік қызметке – Конституциялық кеңестің төрағасы лауазымына тағайындады. Мемлекет алдындағы зор еңбегі мен елдің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Тәуелсіздіктің 10 жылдығы қарсаңында мемлекет басшысы оны «Парасат» орденімен марапаттады. Сондай-ақ ол «Прокуратураның Құрметті қызметкері» белгісіне ие болды.
Өкінішке орай Юрий Александрович зейнеткерлік демалыста жүрген кезінде 2004 жылы мезгілсіз өмірден өтті. Оның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Алматы қаласында өзі тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.
Ә.СӘДУ,
Қармақшы аудандық прокуратурасының
прокуроры
01 маусым 2026 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 219
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 774

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930