» » ҚАРЖЫ ТӘРТІБІ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

ҚАРЖЫ ТӘРТІБІ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Жақында аудандық «Руханият» орталығының мәжіліс залында «Мемлекеттік аудит және заң бұзушылықтарының алдын алу, бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында маңызды конференция өтті.
Конференцияны аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Абайқызы жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуын басты назарға алған жиынға Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Сәкен Қуанышұлы, облыстық тексеру комиссиясының бөлім басшысы Берік Ниеталиев, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мұратбек Құрақбаев және аудандық бөлім басшылары, аудан әкімі аппараты мен аудандық мәслихат аппаратының өкілдері, сондайақ кент және ауылдық округ әкімдерінің есепшілері мен қаржы саласына жауапты мамандар қатысты.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе «Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен олардың алдын алу мәселесі» туралы облыстық тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Берік Ниеталиев баяндама жасап, мемлекеттік аудит барысында анықталған заң бұзушылықтарға кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру кезінде жиі кездесетін кемшіліктерді атап өтіп, олардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Нақты айтқанда, мекемелерде қаржылық құжаттарды рәсімдеу барысында заң талаптарының толық сақталмауы, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезіндегі қателіктер және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері кездесуде. Мұндай олқылықтар мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуына кері әсерін тигізіп қана қоймай, жауапты тұлғалардың заң алдында жауап беруіне алып келеді.
Баяндамашы Берік Ниеталиев мемлекеттік аудиттің басты мақсаты жазалау емес, ең алдымен заң бұзушылықтардың алдын алу екенін ерекше атап өтті. Яғни қаржы тәртібін нығайту үшін мекеме қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттырып, қаржылық есептілікті жүргізуде ашықтық пен жауапкершілікті күшейту қажет.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Мемлекеттік сатып алудың заңдылығына түсіндірме жұмыстары» туралы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мұратбек Құрақбаев сөз сөйлеп, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен талаптар жөнінде түсіндірді.
Маман мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашық әрі әділ өтуі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды құралы екенін атап өтті. Сонымен қатар конкурс өткізу, тікелей шарт жасау, баға ұсыныстарын сұрату секілді рәсімдер кезінде тапсырыс берушілер тарапынан заң талаптарының қатаң сақталуы қажеттігін жеткізді.
Жиын барысында қатысушылар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Мамандар әр сауалға нақты жауап беріп, мұндай түсіндірме конференцияның тәжірибе алмасуға, заң талаптарын жетік меңгеруге және мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға үлкен ықпал ететінін атап өтті.
Жалпы, тексеру комиссиясының негізгі миссиясы – қаржы тәртібін нығайту, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
31 мамыр 2026 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 211
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930