» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БӘРІНЕ ОРТАҚ ІС

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БӘРІНЕ ОРТАҚ ІС


Таза әрі көрікті елді мекен қалыптастыру барша тұрғындардың ортақ міндеті. Осы мақсатта «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар аудан көлемінде жалғасуда.

Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов аудан әкімінің тапсырмасымен Төретам кенті, Ақай ауылдық округі және Қармақшы ауылында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бақылады.

Аралау барысында мектеп аумақтары, балалар және спорт алаңдары, саябақтар мен демалыс орындарының жағдайы қаралып, тұрғындар игілігіне пайдаланылатын нысандардың тазалығы мен қауіпсіздігіне ерекше мән берілді.

Сонымен қатар бірқатар аумақтарда ретке келтіруді қажет ететін мәселелер анықталып, Самат Қыдырбекұлы осы бойынша қысқа мерзімде қалпына келтіруді, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.

Сондай-ақ тазалық шараларына барша азаматтардың қатысуы қажет екенін атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

31 мамыр 2026 ж. 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031