» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА


Қармақшы ауданында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және қоғамдық орындардың тазалығын арттыру бағытындағы жұмыстар өз кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Осы мақсатта аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірқатар ауылдық округтердегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.

ІІІ Интернационал мен Иіркөл елді мекендеріндегі қоғамдық орындар мен мекеме аулалары балалар ойын алаңдары және орталық алаңдардың жай-күйі қаралды. Сонымен қатар Төребай би ауылдық округіндегі санитарлық тазалық жұмыстарының жүргізілуіне мән берілді.

Диас Асылбекұлы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажеттігін айтып, жауапты басшыларға анықталған кемшіліктер бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеп, қатаң бақылауда болатынын ескертті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

31 мамыр 2026 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930