ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР! АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

Сіздерді бүкіл мұсылман әлемі үшін қасиетті мерекелердің бірі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт –адамзатты бірлік пен ынтымаққа, өзара түсіністік пен кешірімге үндейтін, рухани тазаруға жетелейтін қасиетті күн. Бұл мереке – ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлы дәстүрлер мен діни құндылықтардың көрінісі. Мейрам күндері көпшілік Құрбан шалып, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қолдау танытып, ізгі амалдар жасауға асығады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз құттықтауында атап өткендей: «Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз».
Бүгінгі күні мемлекетіміз бейбітшілік пен татулықты басты құндылық ретінде ұстанып келеді. Осы жолда бәріміз бірігіп еңбек етсек, болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болары сөзсіз.
Құрметті жерлестер!
Құрбан айт мерекесі әр отбасыға амандық, шаттық, ырыс пен береке әкелсін! Жүректеріңіз иманға, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын! Бұл мереке ел ішіне мейірім мен жанашырлықтың, сабыр мен сенімнің нұрын сепсін!
Алла Тағала елімізге тыныштық, халқымызға ынтымақ, әр шаңыраққа бақ-береке нәсіп етсін!
Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Аудан әкімі Жандос Еркінбек
















