» » «МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР - ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР - ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ


Бүгін Қызылорда қаласындағы «Достық» үйінде «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» атты облыстық семинар өтті.
Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Аргенова, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов және облыстық мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.
Арнайы шақыртумен келген министрліктің Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Мәлікқызы Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы және орналастыру тәртібі туралы толыққанды баяндама жасап, қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді.
Семинар барысында, Мемлекеттік рәміздердің ресми қолданылуы мен орналастырылуы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттелетіні, рәміздерге қатысты жан-жақты талаптары кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, қазіргі ақпараттық кеңістікте Мемлекеттік рәміздерді талапқа сай орналастырмау немесе тозған рәміздерді уақытылы ауыстырмау жағдайлары қоғам назарынан тыс қалмайтыны айтылды.
Айта кету қажет, жалпы облыс көлемінде облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан Мемлекеттік рәміздердің заң талаптарына сәйкес қолданылуы және орналастыруына тоқсан сайын мониторнинг жүргізіліп келеді.
Мониторинг топ құрамына Полиция департаменті, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, аймақтағы ҮЕҰ, БАҚ өкілдері енгізілген.
25 мамыр 2026 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930