» » Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі

Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі

Мемлекеттің нышандары – Рәміздер. Ол біздің Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз. Әлемдік спорттық байрақтарда жеңіске жеткен спортшыларымыз көк туымызды көкте желбіретіп, әнұранымызды шырқатқанда мақтаныш сезімі кернеп, бойында қаны ойнамайтын қазақ жоқ шығар, сірә. Рәміздер – бұл сөз жоқ, біздің айбынды рухымыз. Отанға, туған ел мен жерге деген шексіз махаббатымыз, сүйіспеншілігіміз. Оны құрметтеп, қадірлеу – кез келген қазақстандықтың қастерлі борышы.
Жақында аудан әкімдігінде аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім, мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, комиссия мүшелері қатысты.
Комиссияда аудан аумағында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы және оларды насихаттау мәселелері қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Нұрлыбек Сайымов, аудандық білім бөлімінің басшы Гүлзира Абдазиева, ІІІ Интернационал және Ақай ауылдық округі әкімдері Жеткерген Қалымбетов, Эльмира Қазиеваның есептері тыңдалды.
Отырыста аудан басшысы мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің басты нышаны екенін және олардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету қажет екенін айтты.
– Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Сонымен қатар өркениеттің дамуына ықпалы мол бірегей қоғамдық феномен. Елдігімізді, егемендігімізді жарқырата бейнелейтін Мемлекеттік рәміздер – еліміздің мәртебесін, ұлттық нышандарын кереметтей көрсететін ерекше қастерлі белгілер екендігіне көзіміз жете түседі. Сондықтан да мемлекетіміздің рәміздерін қолдану мен насихаттау, құрметтеу мен қастерлеу – біздің үнемі назарымызда ұстайтын азаматтық парызымыз, – деді аудан басшысы.
Жиында жастардың, мектеп оқушыларының, мемлекеттік сала қызметкерлерінің, жалпы аудандағы әрбір азаматтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметі жоғары болуы тиіс екендігі де айтылып өтілді.
Комиссия қорытындысында аудан әкімі Жандос Еркінбек тиісті сала басшылары мен кент, ауылдық округі әкімдеріне Мемлекеттік рәміздерді насихаттауды күшейтуді, оның талапқа сай орналасуын, қолданылуы мен пайдалануын бақылауға алуды тапсырды.
С.ДАТ
23 қыркүйек 2024 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 738

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 791

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031