» » ТАБАНДЫ ЕҢБЕК ТАҒЫЛЫМЫ

ТАБАНДЫ ЕҢБЕК ТАҒЫЛЫМЫ

Спорт – тек жарыс пен жеңіс алаңы ғана емес, ол – тәртіп пен табандылыққа тәрбиелейтін өмір мектебі. Осы жолда саналы ғұмырын жас ұрпақтың тәрбиесіне арнап, ел спортының өркендеуіне еңбек сіңірген жандардың орны әрдайым ерекше. Олардың өнегелі жолы кейінгі буынға үлгі болып, жастарды биік мақсаттарға жетелейді. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбек «Қазақстан Республикасының спортына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, спорт ардагері Қуаныш Қаражанұлын арнайы қабылдады.
Тағылымды кездесуде аудан басшысы Қуаныш Қаражанұлының спорт саласындағы ұзақ жылдық еңбегіне тоқталып, аудан спортының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар 2012- 2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы республикалық бокс турнирінің маңызын атап өтіп, жарысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тіледі.
Жиында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов та сөз сөйлеп, спорт ардагерінің еселі еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы қызметі әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.
Өз кезегінде Қуаныш Қаражанұлы еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, спорт саласында тәрбиеленген шәкірттердің жетістігі ұстаз үшін ең үлкен марапат екенін атап өтті. Сондай-ақ өзіне көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғысын айтып, жас буынның спортқа деген қызығушылығы арта беруіне тілектестік білдірді.
«ҚТ» ақпарат
23 мамыр 2026 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930