Құрылтай
» » ҚАРМАҚШЫДА БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ


Кеше Қазақстан Республикасының спортына сіңірген еңбегі үшін «Құрмет белгісінің иегері» Қуаныш Қаражановтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, Қуаныш Қаражановтың спорт саласының дамуына қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, спортқа баулу мақсатында салынған спорт кешендерінің пайдалануға берілгендігін айтып, турнирге қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Шарада Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері» Еркін Оразбекұлы ізгі тілектерін білдіріп, білікті жаттықтырушы Қуаныш Қаражанұлының өнегелі өміріндегі үлгі болар жетістіктеріне тоқталды.

Айта кетейік, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған бұл жарысқа арнайы Қырғызстан мен Өзбекстан Республикаларынан және еліміздің Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынан жалпы саны 180-ге жуық жас спортшылар қатысуда.

17 мамыр 2025 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 629
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 092

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31