» » Алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады

Алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады

Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz
«Қазгидромет» мәліметінше, шығыс аймақтарда түнгі уақытта қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
23 мамыр күні Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ екпінді жел күтіледі.
24-25 мамыр аралығында еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал.
Республиканың өзге өңірлерінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Дегенмен ел аумағында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнгі және таңғы мезгілде тұман түседі.
Синоптиктер солтүстік-шығыс, шығыс және орталық облыстарда түнде 1-3 градус үсік болуы мүмкін екенін ескертті.
Ал күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
  • батыста +28…+35°С,
  • солтүстікте және орталықта +20…+32°С,
  • шығыста +17…+25°С,
  • оңтүстікте +22…+35°С,
  • оңтүстік-шығыста +20…+28°С дейін көтеріледі.
22 мамыр 2026 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930