Құрылтай
» » Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады

Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады

17 сәуірде еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипат алып, жауын-шашын, дауыл, бұршақ және тұман қатар байқалады. Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырып, бірқатар өңірде желдің екпіні күшейіп, жол жағдайы күрделенетінін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
«Қазгидромет» таратқан мәліметке сәйкес, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ жиілеп, дауыл күшейеді. Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын мен тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Бұл құбылыс Шымкент пен Түркістан қалаларында да байқалады.
Жетісу облысында да күн райы құбылмалы болады. Таулы өңірлерде нөсер жауын, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Алматы облысында, әсіресе Іле Алатауы маңында, жауын-шашын мен қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ аралас дауыл соғып, желдің жылдамдығы 17-22 м/с, кейде 28 м/с-қа дейін жетеді. Алматы мен Қонаев қалаларында найзағайлы жаңбыр күтіледі.
Орталық және шығыс аймақтарда да жағдай күрделі. Ұлытау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жауын-шашын қармен араласып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Батыс өңірлерде негізінен тұман басым болады. Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Орал мен Ақтау қалаларында көріну қашықтығы төмендейді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл қаупі бар. Мұнда жаңбыр мен найзағай қатар жүріп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік өңірлерде де жел күшейеді. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман мен екпінді жел болады. Ал Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с деңгейінде сақталады.
Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ аралас дауыл күтіледі. Таулы аймақтарда түнде қар аралас жауын-шашын болуы ықтимал.
Синоптиктердің айтуынша, бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады. Сонымен қатар, көктайғақ пен екпінді жел тұрғындар үшін қосымша қауіп төндіруі мүмкін.
17 сәуір 2026 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31