» » Мобильді аударымдар тексеріледі: Қандай жағдайда айыппұл салынады?

Мобильді аударымдар тексеріледі: Қандай жағдайда айыппұл салынады?

15 сәуірден бастап Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты тексеріс жүргізіледі. Енді салық органдары азаматтардың жыл басынан бері жасаған барлық ақша аударымдары туралы мәліметтерді қарай бастайды. Бұл ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне екінші деңгейлі банктер ұсынуға міндетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, қарапайым тұрмыстық аударымдар тексеріс нысанына іліге бермейді. Мәселен, кофе не түскі ас үшін төлем жасау, достармен бірге жиналып ақша аудару немесе туған күнге қаражат жинау сияқты жағдайлар кәсіпкерлік белгісі ретінде қарастырылмайды. Ол үшін бірнеше нақты шарт қатар орындалуы керек.
Ал күмән тудырған қаржылық операциялар бойынша азаматтарға мамыр айында хабарлама жіберіледі. Сәуір айының соңына дейін салық органдары тексерілуі мүмкін тұлғалардың тізімін жасақтайды. Одан кейін азаматтарға аударымдардың мақсатын түсіндіру үшін 30 жұмыс күні беріледі.
Егер бұл ақша тауар немесе қызмет үшін төлем ретінде алынғаны және одан салық төленбегені анықталса, салық есептеледі немесе айыппұл салынады. Сонымен қатар мұндай азаматтарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талап етіледі.
15 сәуір 2026 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 882
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 136

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930