» » Мобильді аударымдар 1 қаңтардан бастап қандай жағдайда тексеріледі?

Мобильді аударымдар 1 қаңтардан бастап қандай жағдайда тексеріледі?

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары қандай жағдайда бақылауға алынуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Егер үш ай қатарынан жеке тұлғаға 100 түрлі адамнан аударым түссе. Яғни қаңтарда – 100 адамнан, ақпанда – 100 адамнан және наурызда – 100 адамнан. Осы үш айдың ішінде 100 түрлі адамнан аударым түсіп, сонымен қатар аударылған ақшаның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса, тек осы жағдайда ол салықтық бақылауға алынады", - деді Биржанов.
Оның айтуынша, бұл талаптардың ешқайсы жеке-жеке негіз болып саналмайды, барлығы бір мезгілде орындалуы тиіс.

Банктер мен салық органдары не істейді?

Вице-министрдің айтуынша, екінші деңгейлі банктер мұндай ақпаратты фискалдық бақылау аясында ұсынатын болады. Бұл ретте шоттарды бұғаттау немесе жабу туралы сөз жоқ.
"Екінші деңгейлі банктер мұндай деректерді фискалдық бақылау үшін береді. Жеке тұлғалардың шоттары жабылмайды. Біз анықталған сәйкессіздіктер бойынша хабарлама жолдаймыз, содан кейін оны жеке кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттігін анықтаймыз. Мүмкін, өзге де жағдайлар бар шығар, мысалы, қайырымдылық сияқты, мұның бәрі ескеріледі. Шоттарды автоматты түрде жабу көзделмеген", - деді ол.
20 желтоқсан 2025 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930