» » Мобильді аударымдарды бақылау: Қазақстанда биыл кімдерді тексеру басталады?

Мобильді аударымдарды бақылау: Қазақстанда биыл кімдерді тексеру басталады?

Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енеді. Биыл үш ай ішінде 1 миллион теңгеден асатын шек енгізіледі. Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың қандай жағдайларда жасаған аударымдары кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс ретінде саналатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мобильді аударымдарға қатысты жаңа шек кімдерге әсер етеді?

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, егер бір адам 3 ай ішінде өзінің банк шотына әртүрлі адамнан 100-ден астам аударым алса, бұл кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс болып есептеледі.
Бұл ретте 100 түрлі тұлғадан түскен соманың мөлшері ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерінен асуы тиіс. 2025 жылы ЕТЖ 85 000 теңге болды. Осылайша, биыл бұл сома 1 020 000 теңге болады.

Мобильді аударымдарды бақылау қалай жұмыс істейді?


Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, банктер белгілі бір уақыт аралығында мобильді аударымдар саны мен көлемі белгіленген шектен асқан жеке тұлғалар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.
Одан кейін салық органдары алынған ақпаратты талдайды. Осылайша, мобильді аударымдарды бақылау жоғарыда көрсетілген талаптарға жатпайтын жеке тұлғаларға әсер етпейді.

Бұл шектен асқан жағдайда қандай салдар күтеді?

Кәсіпкерлік қызметтің белгілері анықталған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаға анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін хабарлама жібереді. Хабарламаны орындауға оны табыс еткен (алған) күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні беріледі.
Хабарламаны орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда салық органы тақырыптық салықтық тексеру тағайындайды (бір тақырып/сұрақпен шектеледі).
20 тамыз 2025 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930