» » Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары қаралды

Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары қаралды


Білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлының төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға мектеп басшылары, балабақша меңгерушілері және білім беру ұйымдарының есепшілері қатысты.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептерді анықтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша наурыз айында жоспарланған №№272,№273, №274, №275, №277 мектептері және № 3, №5, №6, №20 балабақшалар бойынша білім беру ұйымдарының ішкі талдау жұмыстары қаралды.

Мәжілісте жоғарыда аталған білім беру ұйымдарының бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына, тарификация бойынша қызметкерлерге жалақының заңға сәйкес төленуі, педагогтар мен техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың Заңдылықтарының сақталуына, аттестациядан өткен педагогтардың құжаттарына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Заңдылыққа сай жүзеге асырылуына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуы бойынша білім бөлімінің бас мамандары Т.Әбенова, Г.Исламханова, Н.Асанова әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.Наукебаева, бас есепші Р.Алдамұратова, бас экономист Б.Әбілдаева мониторинг қорытындысына талдау жасап, хабарлама жасады.

Жиын соңында білім бөлімі басшысы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, білім беру ұйымдары басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды

12 сәуір 2026 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30