» » Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары қаралды

Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары қаралды


Білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлының төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға мектеп басшылары, балабақша меңгерушілері және білім беру ұйымдарының есепшілері қатысты.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептерді анықтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша ақпан айында жоспарланған білім беру ұйымдарының ішкі талдау жұмыстары қаралды.

Мәжіліс барысында білім беру ұйымдарында бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына жүргізілген мониторинг, тарификацияға сәйкес қызметкерлерге жалақының заң талаптарына сай төленуі, педагогтер мен техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде заңдылықтардың сақталуы, аттестациядан өткен педагогтердің құжаттарына жүргізілген мониторинг, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындылары талқыланды.

Жиын соңында білім бөлімі басшысы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, білім беру ұйымдары басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

17 наурыз 2026 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031