» » ӨҢІРДЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІС ДАМЫП КЕЛЕДІ

ӨҢІРДЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІС ДАМЫП КЕЛЕДІ


Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту бағыты еліміздің өңдеу өнеркәсібінде нақты нәтижесін беруде. Солардың бірі республикада баламасы жоқ табақша шыны өндіретін «Orda Glass Ltd» ЖШС.

Кәсіпорын өндіріс процесін толық цифрландырып, автоматтандыру арқылы жоғары тиімділікке қол жеткізген. Жылдық қуаты 197,1 мың тоннаны құрайтын зауытта өнеркәсіптік роботтар мен заманауи басқару жүйелері кеңінен енгізілген. Атап айтқанда, жапониялық Fanuc компаниясының роботтары ауыр шыныларды дәл әрі қауіпсіз өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өнім сапасын цифрлық бақылау, ақауларды автоматты анықтау және шыны кесудің интеллектуалды жүйелері жұмыс істейді.

2024 жылы іске қосылған энергия үнемдейтін шыны өндіру желісі жылына 5 млн шаршы метр өнім шығаруға қауқарлы. Бұл шыны түрі жылуды сақтап, күн сәулесінің әсерін төмендету арқылы энергия тиімділігін арттырады. Соңғы жылдары өндіріс көлемі өсіп, өнімнің 30 пайызы шетелге экспортталуда.

Цифрландырудың тағы бір үлгісі «Айна Гласс» компаниясының айна өндіру зауыты. Мұнда өндіріс толық автоматтандырылған: барлық кезеңдер роботтар мен цифрлық жүйелер арқылы бақыланады. Өнім небәрі 40 минутта дайындалып, сапасы қатаң тексеріледі.

Жалпы, бұл жобалар цифрландыру мен автоматтандырудың өндірістегі тиімділігін дәлелдеп, өңірдің индустриялық дамуына және экспорт әлеуетінің артуына зор үлес қосып отыр.
10 сәуір 2026 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 007
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 622

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031