» » Шыны зауыты іске қосылғалы бері 40 мың тонна өнім экспортталды

Шыны зауыты іске қосылғалы бері 40 мың тонна өнім экспортталды

Сыр өңіріндегі ірі өндіріс орны саналатын шыны зауыты биыл алғашқы өнімін шығарған болатын. Қуаттылығы жылына 200 мың тоннаны құрайтын зауыт былтыр 32 мың тонна өнім өндірсе, биыл 75 мың тоннаға жуық шыны түрлерін шығарған. Бүгінде мұнда күніне 500-510 тонна шыны түрлері шығарылып, басқа өңірлерге жөнелтіледі. Сондай-ақ, жергілікті өнімге көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен де сұраныс жоғары. Бұдан бөлек, қытай, неміс және түрік компанияларымен зауыт аумағында құны 100 млрд.теңгені құрайтын 8 шағын ілеспе завод құру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бүгін Өңірлік комуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте БАҚ өкілдері шыны зауытының жұмысымен танысты.

-«Orda Glass ltd»» ЖШС-нің табақша шыны өндіру және өңдеу зауытының жобасы биыл іске қосылып, шыны өндіру жұмысы үздіксіз жүріп жатыр. Жалпы зауыт іске қосылғалы бері 40 мың тоннаға жуық өнім басқа аймақтар мен сырт мемлекеттерге экспортталды. Жергілікті өнім көбіне құрылыс саласына қажетті болғандықтан сұраныс та соған сай көбейіп келеді. Бүгінде өндіріс орнында 400-ге жуық жұмысшы еңбек етсе, оның 70 пайызы жергілікті мамандар. Екінші жарты жылдықта зауытта электр тоғын үнемдейтін жобаны жүзеге асырмақшымыз. Ол үшін керекті қондырғыларға тапсырыс беріп жатырмыз, - деді кәсіпорынның өндірістік бөлім басшысының көмекшісі Ғалымжан Қуатов.

Осы жылдың төрт айында құны 6 млрд.теңгені құрайтын 3,5 млн.шаршы метр өнім шығарылды. Ал жыл аяғына дейін 140 мың тонна шыны түрлерін шығару жоспарлануда. Бұл зауыт қуаттылығының 71 пайызын құрайды. Ал өнімге қажетті шикізаттар шет мемлекеттерден тасымалдануда.

-Өнеркәсіп саласындағы ірі өндіріс орны – шыны зауыты индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылған болатын. Бұл зауыт өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін берді. Мәселен, биыл бұл зауытқа 42 млрд.теңге инвестиция тартылып, бірнеше мемлекеттермен өндіріс аумағына шағын заводтар құру туралы келісім шарт жүргізілді. Жалпы шыны зауытының өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 8 пайызды, ал құрылыс индустриясындағы үлесі 42,2 пайызды құрайды, - деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жанар Берденова.
@Өңірлік коммуникациялар қызметі
25 мамыр 2023 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031