Мемлекеттік тілдің маңызы мен қоғамдағы рөлі
Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілдің маңызы мен қоғамдағы рөлі» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Халық Конституциясының негізгі қағидаларын түсіндіріп, насихаттау және өңірдегі көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі сауатты қолданылуын қамтамасыз ету, заңнама талаптарының сақталуын талқылау және тәжірибе алмасу.
Аталған жиынды халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қармақшы аудандық филиалының төрайымы К.Раева кіріспе сөзбен ашып, Халық Конституциясының негізгі қағидаларын насихаттап оның қоғамдық кеңістіктегі қолданылу сапасын көтеру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы Бердіғалиев Ақниет мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен көрнекі ақпараттардағы мемлекеттік тілдің қолданылу жағдайы туралы, заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша баяндама оқыды.
Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қармақшы аудандық филиалының алқа мүшесі Құндақбаев Шегебай, Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің бастауыш ұйым төрайымы Жанбалаева Қаршыға, аудандық Қармақшы таңы газетінің бас редакторының орынбасары Әбләкиев Ерсін, Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Пірназаров Нұржұман, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлім басшысы Әліпбаева Жауқазын, аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Дүйсембеков Досбол сөз сөйлеп өз пікірлерімен бөлісті.

















