» » МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – КӨРНЕКІ АҚПАРАТТА

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – КӨРНЕКІ АҚПАРАТТА

Жақында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен кент әкімшілігі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы және аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен бірлесіп, Жосалы кентіндегі көрнекі ақпараттар мен жарнамаларға қатысты түсіндірме іс-шарасы өтті.

Шара аясында Жосалы кентінің орталық көшелерінде орналасқан 14 кәсіпкерлік нысан, шағын және орта бизнес субъектілері қамтылды. Мониторингтік топ нысандарды аралау барысында жарнама мен көрнекі ақпараттардың Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңы талаптарына сәйкестігін тексерді.

Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, кейбір нысандарда қазақ тіліндегі жазулардың болмауы, шетел тілінің басым қолданылуы және орфографиялық қателерге жол берілуі секілді олқылықтар кездескен. Сауда нысандарының иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарына сай көрнекі ақпарат пен жарнама өнімдерін мемлекеттік тілде дұрыс рәсімдеу қажеттігі ескертілді.

Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, сонымен қатар тіл мәдениетін арттыруға бағытталады.
«Қт» ақпарат
27 қыркүйек 2025 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930