» » Ұлттық диктант

Ұлттық диктант

«Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба.
Мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттауға бағытталған жоба аудандық руханият орталығында жүзеге асты. Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастырумен өткен ұлттық диктантқа мемлекеттік және мәдени сала қызметкерлері, жастар, кітапхана оқырмандары қатысты. Диктантты Қызылорда облысы тілдерді оқыту орталығының Қармақшы ауданындағы мемлекеттік тіл оқытушысы Г.Дүзенова жүргізді.
Шарада сөз алған тіл жанашыры К.Раева мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыратын, жауапкершілікті айшықтайтын, сауаттылыққа бастайтын жобаға қатысқандарға алғысын айтып, ана тілдің абыройын асқақтата түсуге шақырды.
28 қазан 2025 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30