» » БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА – АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӨСІРУ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА – АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӨСІРУ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА


Қармақшы ауданында мал шаруашылығын дамыту бағытындағы нақты жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда, "AMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан асыл тұқымды мал басын асылдандыру бойынша арнайы мониторинг жүргізілді.
Мониторинг барысында комиссия мүшелері қой шаруашылығын дамытуға үлес қосып отырған кәсіпкер Құрманалиев Қайржанның жұмысымен танысты. Ол "Ауыл аманаты" жобасы аясында 9,8 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, кәсібін кеңейтіп, қой басын асылдандыру бағытында табысты еңбек етуде.

Кәсіпкердің айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау – ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Бүгінде ол асыл тұқымды мал басын көбейтіп қана қоймай, ауыл экономикасының дамуына да өз үлесін қосуда.

Мұндай бастамалар – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, өңірдегі мал шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге серпін береді.
"Ауыл аманаты" жобасы – ауыл кәсіпкерлеріне нақты қолдау көрсететін тиімді құрал екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Қармақшы ауданында жүзеге асып жатқан осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз!

08 сәуір 2026 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930