» » «Ауыл аманаты» – ауыл кәсіпкерлігінің нақты тірегі

«Ауыл аманаты» – ауыл кәсіпкерлігінің нақты тірегі


«AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ғ.Ақжігітов, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Скендіров, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі М.Асылов, сондай-ақ Қармақшы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің әдіскері С.Сәденов «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2025 жылы жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастаған Жосалы кентінің тұрғындары Ф.Ахауова мен Т.Әбдиевтің кәсіп нысандарына барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Кездесу барысында кәсіп иелері өз істерінің бағыт-бағдары, жеткен жетістіктері және алдағы жоспарларымен бөлісті. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ашылған кәсіптердің ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құруға, отбасылық табысты арттыруға және жергілікті экономиканың дамуына оң әсер етіп отырғаны айтылды.

Партия өкілдері «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауыл халқының әл-ауқатын көтеру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және ауылдық жерлерде тұрақты табыс көзін қалыптастыру екенін атап өтті. Сонымен қатар, мұндай жобалар ауыл жастарының елді мекенде тұрақтап, еңбек етуіне үлкен мүмкіндік беретінін жеткізді.

Жеке кәсіпкер Ф.Ахауованың "Кондитерлік өнімдер шығару" жобасы 8,0 млн теңгеге және Т.Әбдиевтің "Қоғамдық моншаға құрал жабдықтар" алу жобасы 5,0 млн теңгеге несиелендірілген.

«Ауыл аманаты» – бұл сенім, мүмкіндік және ауылдың жарқын болашағы!

28 қаңтар 2026 ж. 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930