» » Мәжіліс депутаты М.Ергешбаев ауданымызда болды

Мәжіліс депутаты М.Ергешбаев ауданымызда болды

Мәжілістегі фракция мүшесі «Ауыл аманаты» жобасы аясында іске қосылған кәсіпкерлік нысандарда болды
Ауыл халқының тұрмысын жақсартып, табысын арттыру, барлық әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешу үшін Үкімет пен «AMANAT» партиясы бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда. Бұл – ауылдарды көтеруге мүмкіндік беретін нақты қадам.
Ауылдағы ағайынның табысын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, кәсібін ашқан азаматтар қатары көбейіп келеді.
Жоба аясында ауданымызда 2023 жылы 45 жоба 297,5 млн теңгеге қаржыландырылған.
Осы орайда бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Қармақшы ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көріп отырған бірқатар кәсіпкерлермен кездесті.
Мәжіліс депутаты мұнда партияның аудандық филиалының төрағасы Әділ Қошалақовпен бірге алдымен Жосалы кентінде жаңадан ашылған «Көлік жуу» орталығына барды. Кәсіп иесі аталған жоба бойынша 8,6 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Берілген қаржыға көлік жуу орталығына қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған. Бұл кәсіптің бір ерекшелігі көлік иесі өзі келіп аталған орталыққа кез-келген уақытта келіп, арнайы аппаратқа ақша салу арқылы көлігін өзі жуып, тазалап алады. Бұл халықтың уақытын үнемдеп қана қоймай, қаржысын да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Мұнан соң фракция мүшесі «Көлікке қызмет көрсету» орталығының жұмысымен танысты. Кәсіп иесі «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 6,0 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, орталыққа қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Аталған орталықта көлік жуу, көлік жөндеу, көліктің дөңгелегін ауыстыру сынды қызметтер көрсетіледі.Кәсіпкер келешекте өзінің кәсібін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жобаның тиімділігінің нәтижесінде кәсіпкер 3 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.
Өз кезегінде М.Нәлқожаұлы кәсіп иелерінің жұмысына сәттілік тілеп, партияның ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыруға бағытталып отырған «Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндіктерін сөз етіп, мұны тиімді пайдалануға шақырды.
09 шілде 2024 ж. 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930