» » Сыр өңірі «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көруде

Сыр өңірі «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көруде


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша мәжіліс өтті. Басқосуға ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов арнайы қатысты. Сондай-ақ, жиында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы, басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері мен ауыл шаруашылығы мекемелерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері болды.

Аймақ басшысы жоба аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, сала жетекшілеріне тапсырма жүктеді.

«Құрметті Ералы Лұқпанұлы, Сыр еліне қош келдіңіз! Жаңа қызметіңіздегі алғашқы жұмыс сапарыңызды біздің аймақтан бастағаныңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
«Ауыл аманаты» жобасы ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған. Жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген несиелеу азаматтарға идеяларын жүзеге асыруға, өз ісін ашуға және жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның оң нәтижесі көз алдымызда. Өткен жылы республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге қаралып, 406 жоба несиелендірілді, 713 жұмыс орны ашылды. Биыл 4 млрд. 600 млн. теңге қаржы бөлінуде.
Қала және аудан әкімдері, бағдарламаны тиімді және мақсатты пайдаланып, ауыл халқының табысын арттыруда жоғары көрсеткіштерге жетуіміз қажет. Бұл ретте ауыл әкімдеріне зор жауапкершілік жүктеледі. Әр ауданда құрылған жұмыс топтары белсенділік танытып, барынша сапалы және толыққанды жұмыс атқаруы тиіс», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жиында Ералы Тоғжанов бағдарлама ауыл тұрғындарының табысын арттыратынын, өндірумен қатар өткізу мәселесі шешілетінін, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туатынын айтып, нақты міндеттер белгіледі. Басымдық өңірдің ерекшелігіне қарай өндірістік жобаларға беріледі.

Сондай-ақ, мал шаруашылығына қатысты несиелендірілген жобаларға асылтұқымды мал сатып алу талабы қойылды. Бұл өз кезегінде төрт түлік малды түрлендіруге жол ашып, жақындарының малын тіркеп қоюға кедергі болмақ. Нәтижесінде қаржы нақты мақсатына жұмсалады.

«Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда 1 томат пастасы цехы, 34 жылыжай ашылып, 671 асылтұқымды төрт түлік алынды. Сонымен бірге, 21 сүт және ет өнімдері өндірісі ашылып, 66 ауыл шаруашылығы техникасы әкелінді. Оған қоса 14 балық шаруашылығы, 18 құс шаруашылығы өркен жайды. Жоба қатысушыларының арасынан 38 адам кондитер және нан өнімдерін пісірумен айналысып, 3 гидропоника, 7 жиhаз, 34 пластикалық өнімдер мен кұрылыс материалдары өндірісі, 98 қызмет көрсету орны ашылды.

Қалған жобалар бойынша мониторинг жалғасуда. «Ауыл аманаты» жобасымен қамтылған 106 елді мекенде 51 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 33 кооператив 716 млн.теңгеге қаржыландырылды.

Биылға орта есеппен 8 млн. теңгеден алғанда, 575 жоба жүзеге асып, сәйкесінше 610 жұмыс орнын ашу көзделуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

25 маусым 2024 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930